Биылдан бастап, жастарға 2,5 пайыздық кредит беріледі. Бұл үшін Шымкентте бюджеттен 1 млрд, 305 млн, теңге қаралған. Ал, Қазақстанда жеңілдікпен микрокредит беру ережесі бекітілді. Ол 261 азаматқа жетеді.  Қаражат 5  миллионға дейін жеңілдетілген кредит бизнес жобасына сәйкес беріледі. Өтініштер электронды форматта  қабылданады. Келесі жылы одан да жоғары көлемде берілуі мүмкін, дейді мамандар.


 Қазақстанда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы іске қосылған. Соның аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен микрокредит беру шаралары басталады. Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.
Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге. Ол үшін кепілдік қою керек. Мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі.