Бәйдібектіктер өткен жылы 55,8 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Былтыр ауданға 21,6 миллиард теңге инвеститция тартылыпты. Биылғы меже одан да жоғары болмақ. Өйткені ауданға қаржы құйғысы келетін қалталы инвесторлар қарасы қалың. Аудан экономикасының қозғаушы күші болған ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің де жұмысы еселі. Биыл 103 мың гектар жер игерілген. Ауданда жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлік саласы да дамып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді.
Бәйдібек ауданында 2022 жылы 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген.Аудан экономикасын одан әрі арттыру мақсатында былтыр 21,6 млрд теңге инвеститция тартылған.Биыл қаржы қоры одан да жоғары болмақ. Өйткені жүзеге асатын тың жобалар бар.Аудан экономикасының негізгі локомотиві болған ауыл шаруашылығы еңбеккерлері өндірген өнім көлемі былтыр 35,6 млрд. теңге жектен.Шаруалар мемлекет қолдауының арқасында төрт түлігін өргізіп, 103 мың гектар жерге дәнді дақыл сепкен. Оған қоса 1 алқаптан 2-3 өнім алып жатқан дихандар да бар. Егін алқаптарында жұмыс істер жүрген техникаларды жаңалау мақсатында былтыр 69 техника алынған болса биыл 75 бірлік техника сатып алынбақ.Ауданда жаңбырлатып суару технологиясын қолданып жатқан шаруашылықтар да бар. Ең негізгісі дала сұлуы дуадақ құсы да дәл осы ауданда өсіріліп жатыр.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде ауданнан жалпы саны 4 ауылдық округ тіркелген.Несиені алуға 136 жеке азамат ниет білдірсе, 20 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынылған. Бәйдібекте жалпы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 011 ге жетіп отыр.Биыл ауданда ірі 11 жоба іске қосылмақ. 4 миллиардқа жуық инвеститция тартылып жоба аясында 100 ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс тапсырмасына сәйкес былтыр 366 адам жұмыспен қамтылды. Биыл 652 азамат еңбекпен қамтылмақ. "Қамқорлық" бағдарламасы аясында көмекке мұқтаж бірнеше отбасы баспаналы болды.Аудандағы 51 елді мекеннің 43- і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2021-2023 жылдары аралығында 15 елді мекенде табиғи газбен қамтамасыз етуге жоғары тұрған бюджеттен бөлінген 3 млрд. 838.1 млн. теңге қаржыларға тиісті мердігер мекемелер тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында: жалпы құны 220 млн. 453,6 мың теңге ұзындығы 6,8 шақырым елді мекен ішкі көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар биыл да жүйелі жалғаса бермек.