«Қажымұқан жолы» дәл осындай атаумен жалғасып келе жатқан батырлар сайысы 10 облыста өтіп, Шымкент қаласына да келіп жетті. Еліміздің әр өңірінен іріктелген палуандар, алдағы уақытта Астана қаласында өз облыстарының намысын қорғамақ.
Күш атасы Қажымұқанның жолын қуған Шымкенттік 10 батыр байқауға қатысты. Сайыс шарттары бойынша палуандар ең бірінші кезекте темірді өз күшімен майыстыру,одан соң арнайы құм толған ауыр қапшықтарды уақытқа көтеру сынды кезеңдерден өтті. Шараның басты мақсаты: ұлттық ойындарды дәріптеу, жастарды спорттық ойындарға қызықтыру,баулу.
Байқауға бақ сынап Арыс қаласынан келген батырлардың бірі Азамат Мақұлбеков. Айтуынша дәл осындай ұлттық сайыстардың спортшыларға берер мүмкіндігі мол дейді.
Айта кетейік, 2021 жылдан бері жалғасып кележатқан бұл сайыс 30 тамыз конституция күніне арнап ұйымдастырылуда.