Табиғат ғажайыптары, тылсым құбылыс дәл осы бағытта 50-ге жуық жазбасы бар фантаст жазушы, Сарманбай Исақовпен кездесу өтті. Кездесуде жазушының өткен өмірі баяндалып,табиғи апаттардың алдын-алу, қоршаған ортаны қорғау туралы жастармен дискуссия өтті.
Қазіргі қазақ прозасындағы фантастика жанрының айтулы шеберлерінің бірі – Сарманбай Исақ. ХХІ ғасырда шынайы ғылымды жаңа белестерге көтеретін тосын, керемет, ғылыми идеяға бай фантастикалық шығарма жазумен айналысады. Сондықтан болар, Қазақстанда фантаст жазушылар саусақпен санарлықтай.,ғылыми ойы болмаса бұл жанрға қалам тербеуге кез-келгеннің жүрегі дауаламайды дейді жазушы.
Шарада жазушының жеткен жетістіктері, өткен өмірі баяндалды. Сондай-ақ жазушының «Тұлдыр тағдыр» атты ғылыми-фантастикалық романы әңгімеленді.Қазіргі таңда аталмыш шығарма орыс тіліне аударылып, «Рок» деген атаумен жарыққа шықан. Жалпы, фантастикалық қисынды ғылыми элементтерді шығармаға негіз етіп алу асқан шеберліктің белгісі дейді оқырмандар. Бұрын-соңды оқырмандарға, тіпті, ғалымдардың ойларына келмейтін адамзатқа пайдасын тигізетін идеялардың қайдан келетіні тек фантаст жазушыларға мәлім . Алдағы уақытта жазушы атом, сутегі бомбаларының зияны мен зардабы тақырыбында фантастикалық әңгімелер жазуды жоспарлап отыр.