Шымкентте ғылымдағы әйелдердің Республикалық форумы өтті. Салтанатты жиын ғалым қыз-келіншектердің өмірі мен ілім-білімге қосқан үлесін дәріптеуге арналған. «Гендірлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты кешті Аманат партиясы жанындағы «Әйелдер қанаты» ұйымдастырған. Бұл күні еліміздің ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан қыз-келіншектер арнайы марапатталды.
Бұл Алғыс қоғамды білімге баулып, ғылым жолында тер төгіп жүрген аруларға арналған. Олар түрлі салада табанды еңбек етіп, елдің өркендеуіне үлес қосып жүр. Нағыз әйел үйде ғана емес, тұтас ұлтқа қызмет ететінін дәлелдеп келеді.
 Елімізде әйелдердің ғылымға қосқан үлесі – 30 пайызды құрап отыр. Ал шымкенттік қыз-келіншектер 54 пайызға дейін белсенділік танытып отыр. Бұл дегеніміз – мегаполисте білімді, алғыр әйелдер санының артқанын көрсетеді.
 Жиында сөз алғандар елдің ертеңі жастар екенін ерекше айтты. Әсіресе қыз баласының білімге құштар, зерек болғаны құптарлық,-дейді. Әйел ұлт тәрбиешісі екенін ескерсек, бүгінгі қыздар ертеңгі ұлттың анасы.
 11-ақпан дүниежүзілік ғылымдағы әйелдер күні. Осының аясында шымылдық түрген форум түрлі саланы қамтымақ. Әсіресе ғылыми бағытқа құштар әйелдерге қолдау білдіруді көзеп отыр. Сол арқылы гендерлік теңдікті қалыптастырып, елдің өркендеуі жолында ғалымдарға қодау көрсетілмек.