Үшінші мегаполис аумағында жалпы қалалық себілік өтті.  Іс-шара жастар ресурстық орталығының бастауымен «ТазаLike» акциясы аясында ұйымдастырылды.  Тазалық шарасына қаладағы жоғары оқу орындары қатысып, студент жастар білім алатын оқу орындарында сенбілік жұмысын жүргізді.
 Жалпы қалалық сенбілікке  Шаһардағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Студент жастар өздері білім алатын мекеменің ауласы мен қаланың шырайлы аймақтарын тазалады.   Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл. Осы орайда 50 ден астам ерікті жастар мен Ауған соғысының ардагерлері сенбілікті «Даңқ» мемориалында жалғастырды. Олар батырларға арналған ескерткіш пен мұндағы әскери техникалардың шаңын сүртті.  Жастар арасында ұйымдастырылған тазалық акциясының мақсаты шаһардағы көрікті жерлерді тазалау және жас буынды тазалық сақтауға тәрбиелеу.  Айта өтейік,  жастар ресурстық орталығының басшысы тазалық акциясы алдағы уақытта жалғасатынын айтты.