Қазақстандықтарды үш мемлекеттік мереке күтіп тұр. Барлық халыққа қызмет көрсету орталығы, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7 және 9 мамырда жабық болады.

4 мамыр сенбіде орталықтар 18:00-геге дейін, кезекшілер 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 8 мамыр - тек ХҚКО мен МХҚКО кезекшілері үшін жұмыс күні. Олар сағат 13.00-ге дейін ашық болады. 10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі кестеге оралады: қарапайым халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілердің жұмыс күні 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Еске салайық, бұған дейін Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.