Жылдан жылға елімізде екінші дүниежүзілік  соғыстың ардагерлері азайып, майдан куәгерлерінің саны сиреп барады. Өткен жылы ғана Шымкентте олардың саны 4 болса, биыл 2 ардагер қалды. Соның бірі Нина Мосунова әжей. Жасы 100 ге келген ардагер соғысқа небәрі 19 жасында пулиметшы болып қатысқан. 36-шы әскери бөлімнің зенит бригадасында қызмет етіп, радистер бөлімінің командирі болған. Нина әжейді халімен әріптесім танысып қайтқан еді.

 Нина Егорқызы 9 наурызда жүз жасқа толды.  Ол 1924 жылы Татарстанның Урустамак елдімекенінде дүниеге келген. 1939 жылы мектеп бітіре салып шошқа фермасына жұмысқа орналасады. Ал, 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын тәмамдайды. Ардагер әжей соғыс жылдарды еске алғысы келмейтінін айтады.   

Нина Мосунова, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері
- Ол жылдар ды ойламайын десем де бәрі бір есіме түсе береді. Мен родистер бөлімінің командирі болдым. Қасымдағы қыздармен түскен сурет әлі бар. Бізден кейінгілер соғыс көрмесін. Құдайға шүкір қазіргі өміріміз жақсы. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын деп тілеймін.

Ғасыр жасаған әжей 1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулиметші болып қатысқан. 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етіп, радистер бөлімінің командирі болған. Ол қазақстанға 1948 жылы көшіп келген. 1976 жылы көз көруі нашарлап 2 топтағы мүгедектік алады. Қазіргі таңда бір үлы 2 немресі 5 шөбересі бар.

Нина Мосунова, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері
- Жүзге жеткенде бар жетпеген де бар. Әлі күнге дейін газеттерді оқимын. Жаңалықтардан хабардар болып отырамын. Ардагерлер де азайды ғой. Енді ұрпағымыз соқыс көрмесін. Осындай жайма шуақты күнде өмір сүрсін.

Биыл жеңістің 79 жылдығына орай майдангерлерге көрсетілетін көмек көлемі 360 АЕК нен 360 АЕК дейін ұлғайяды. Бұған дейін 1 329 120 теңге алып келген ардагерлерге биыл 2 000 000 теңге қаржы беріледі.

Сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге берлсе биыл бұл сома 55 380 теңгені құрйды. Айта өтейік қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алатын болады.