Егде тартқан адамдардың көңілі нәзік. Жақсылыққа қуанып, кикілжіңге лезде қамығады. Шымкенттік өнерпаздар ата-әжелердің көңілін әнмен көтерді.  Мамыр мерекелеріне орай мегаполистегі мәдениет қызметкерлері  қарттар үйіне арнайы барды.

 Жез таңдай ерлер, күміс көмей қыздар өнер ұжымы бұл шарада барын төкті. Ата-ана, туған жер, отан, жайлы әндерін арнап қарттардың құлақ құрышын қандырды. Ал той әндерін нәшіне келтіре орындағанда аталар сыздаған балдырын ұмытып балаша биледі.

 «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету                                         орталығы»       2023 жылғы 30 қаңтардағы құрылған.   Қызмет алушылардың санаты: I, II топтағы мүгедектер және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар. Орталыққа қарттардың көңілін аулау үшін келетіндер көп екен.

Орталық 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды Мақсат                                              қызмет алушыларға қолжетімді, жан-жақты, сапалы, уақытылы және бос уақытты тиімді                пайдалануға арналған қызметтерді ұсыну. Қазіргі таңда  орталықта 49 адам қызмет алуда. 34 қызмет алушы - ер адам; 15 қызмет алушы - әйел адам.