Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан заңсыз сақталған қару, оның ішінде Ак-47 автоматын тәркіледі. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді.
Заңсыз қару ұстағандар Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарынан шықты. ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде фактіні тіркеп отыр. 4 жергілікті тұрғынды тінту барысында АК-47 автоматы, 3 мылтық карабині, 2 аңшылық мылтық, травматикалық тапанша, түрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйізі және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, кдіктілер қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағанына байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.