Мегаполисте жыл басынан бері 145 төтенше жағдай тіркелген. Оның 138 техногендік, 7 табиғи сипатта. Осының салдарынан 21 азамат зардап шегіп, 6 адам қаза тапты. Бұл жолы Шымкент қалалық қоғамдық кеңесі Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған шаруаларын тыңдады.

 Қоғамдық кеңес Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2024 жылғы І-жартыжылдығындағы шаруаларын саралады. Есепті кезеңде "112" және "101" телефондарына 197 905-ден астам қоңырау түсіп, авариялық-құтқару жұмыстарына 2 224 жедел шығу жасалған. Нәтижесінде 285 адам, оның ішінде 165 бала құтқарылыпты. Отырыс ұзын сонар баяндамамен емес жанды әңгімемен қызды. Кеңес мүшелері департамен бастығына сұрақтарын жаудырды.


Кеңес мүшелері көпті толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап ала алмадық деп департамент бастығын сынға алды. Қалада төтенше жағдай орын алса тұрғындарды уақытша орналастыратын арнайы жерде жоқтығын айтып, олқылықтарға тоқталды. Кеңесте Шымкент қаласы құрылыс басқармасының 5 айда атқарған жұмыстары да тыңдалды.


 Кеңесте қалада соғылып жатқан білім нысандарына қатысты сұрақтар көп болды. Оларды жаңа оқу жылына дейін тапсыру мәселесі талқыланды. Мегаполисте 11 білім нысаны құрылысын жүргізу жопарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 6, күрделі жөндеу – 5 нысан. Қыркүйек айына дейін 9 нысанды тапсыру жоспарланған.