Қарттар күніне орай бильярдтан дәстүрлі жарыс өтті. Шымкенттік ардагерлер мен зейнеткерлер тастаяқ турнирінде бақ сынады. Олардың қатарында жасы 90-ға таяғандар да бар. Жалпы саны 40-тан аса қарияға қатысқан шараға демеушілер қолдау көрсеткен.
Бильярд спорттың ақыл-ой мен қимыл әрекеттің үйлесім тапқан түрі. Бүгінде Шымкентте онымен айналысатын егде жастағылардың қатары артып келеді. Солардың арасында он жылдан бері аталған спортты жанына серік еткен Нұрлан Шілдерханов та бар. Жасы жетпіске жақындаған азамат тастаяқтың пайдасына тоқталды.
Шымкентте қарттар арасында бильярд турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жарысқа еңбек және тыл ардагерлері, зейнеткерлер қатысып жатыр. Олар жасына қарай екі топқа бөлініп, бақ сынайды. Ұйымдастырушылар осылайша мерекені денсаулыққа пайдалы іс-шарамен атап өткенді жөн санаған.
Белсенді ұзақ өмір сүру үшін мұндай жарыстардың маңызы зор дейді, - жауаптылар. Басқарма басшсысының айтуынша, іс-шараға атымтай-жомарт кәсіпкерлер қолдау білдіріп, демеушілік танытқан.
Турнир жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы мұндай кездесулер ардагерлер үшін үлкен сый-құрмет, таптырмас демалыс,- дейді қатысушылар.