Кешеден бастап «Отбасы банк» QAMQOR бағдарламасына құжат қабылдап жатыр. Биыл тоғыз сала бойынша мамандар баспана алу үшін өтінім тастай алады. Былтыр іске қосылған бағдарламада биыл біраз өзгеріс бар. Үміткерге қойылатын талап та жеңілдетілген. Қандай ерекшеліктері бар? Әріптесім Нұрлан Пайзов айтсын.  
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ «Отбасы банк» 3 миллиард теңге бөлген. Бұл сома 400-ден аса тұрғынды баспанамен қамтуға бағытталып отыр. Бағдарламаға журналистер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, коммуналдық сала мамандары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатыса алады. Банк биыл тағы бір сала өкілдерін тізімге қосыпты.
БАҒЛАН ЖАППАРОВ – «ОТБАСЫ БАНК» ШҚФ БИЗНЕС ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-  Оның ішінде салалар тоғыз сала. Білім, спорт, энергетика, төтенше жағдай министрлігінің азаматтық қорғау департаменті кіріп отыр биылға жаңалық. Былтырға қарағанда жеңілдетілген.
 Ал Шымкенттік тұрғындар болса QAMQOR бағдарламасына құжат тапсыруды 30 қыркүйеткен бастап кетті. Биыл үміткерлерге 20 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз. Алғашқы жарна 10 процент. Несие 25 жылға дейін беріледі.
 БАҒЛАН ЖАППАРОВ – «ОТБАСЫ БАНК» ШҚФ БИЗНЕС ДАМЫТУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-  30 сентябрь сағат үште прием заявление басталады. Өтінім қабылдау екі айға созылады.  Осы отызына  28 ноябрьге дейін екі ай примерно. Былтыр бір жыл праписка болу керек еді. Қазір прапискасы осы жерде оболса болды.  Одан кейінгі қадам былтыр атында жер болса қатыса алмайтын еді. Биыл ол условияны да алып тастады. Бастысы үй болмаса болды деген сияқты. Жеңілдетілген программа болып тұр биылға.
  Үміткерлер otbasybank.kz порталы арқылы өтінім қалдыра алады. Айтпақшы «Qamqor» бағдарламасына қатысушы банк клиенті болуы шарт және ондағы  депозитте 1 миллион теңге қаржы сақталуы қажет.