Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы Алмас Сәлімов облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтарға тоқталды.
Сессияның күн тәртібінде 19 мәселе қаралды. Облыс әкімінің орынбасары баяндама жасап, өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Депутаттар облыс әкімдігінің жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар сессияда Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Құрылыс, Мәдениет басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Депутаттар басқарма басшыларына сұрақтар қойып, шешім жобаларына өз ұсыныстарын енгізді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.