Сондай-ақ үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев елеміздегі автожолдарға қатысты жаңа платформа іске қосылатынын айтты. Жобаны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қолданысқа енгізу жоспарланыпты.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, автожол саласындағы қолданыстағы цифрлық жүйелер негізінде "E-Joldar" бірыңғай цифрлық платформасы құрылып, олар интеграцияланады. Платформа автомобиль жолдары бойынша ақпаратты жинау мен есепке алу жүйесін қамтиды және жол саласын дамыту үдерістерінің ашықтығын, жол активтерін сенімді түрде бақылау мен тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ
Платформа негізінде автожолдарды пайдаланушылар, белсенді азаматтар, жергілікті атқарушы органдар және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасындағы қарым-қатынас автоматтандырылады. Оны қолданысқа енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, - деп түсіндірді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.