МЕНІҢ ӘЛЕМІМ
«МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» — елге танымал тұлғалардың көпшілікке беймәлім қырларын ашатын сыр-сұхбат алаңы.
Хабар қонақтары — қоғам қайраткерлері, әншілер, спортшылар, театр және өнер саласының өкілдері. Әр кейіпкер өз әлеміне жетелеп, шығармашылық жолы, өміріндегі қызықты оқиғалар мен есте қалған сәттері, басынан өткерген қиындықтары мен жетістіктері туралы әңгімелейді.
Көрермен танымал тұлғаларды кәсіби жетістіктері арқылы ғана емес, адамдық болмысы, өмірлік ұстанымы мен жүріп өткен жолы арқылы жақынырақ таниды.
«МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» — әр адамның өзіне ғана тән әлеміне бірге саяхат.