
Саламат Болатұлы Омаш 1988 жылғы 10 Наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «31 арнадан» бастаған.
- 2014 - 2022 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ Жаңалықтар қызметінің жетекші тілшісі, жаңалықтар жүргізушісі, «Басты тақырып» бағдарламасының редактор-жүргізушісі,
- 2022 - 2023 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-саяси бағдарламалар дирекциясы ақпараттық жобалар бөлімінің шеф-редакторы;
- 2023 - «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-саяси бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары.
- 2023 жылдың шілде айынан 2024 жылдың сәуір айына дейін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры.
- 2024 жылдың сәуір айынан бастап «Qazaqstan» телеарнасының Бас продюсері болып еңбек етті.
- 2024 жылдың 20 мамырынан «Ontustik» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.
Президент грантының иегері, «Халық алғысы», «Ақпарат саласының үздігі» медальдарының иегері.