Пернебек Төрекелдіұлы Біләлбеков «Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы директорының орынбасары – Бас редактор 


Пернебек Төрекелдіұлы – журналистика саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Әр жылдары «Арыс толқындары», «Қазақстан» РТРК Шымкент филиалы, «Астана ТВ», «7 арна», «Еуразия» бірінші арнасы секілді ақпарат құралдарында тілші, диктор, редактор және шеф-редактор қызметтерін атқарған.


Сондай-ақ, ҚР ҰҚК «Оңтүстік» өңірлік басқармасының баспасөз қызметін басқарған. "Ақпарат саласының үздігі" медальімен марапатталған.