Негізгі Арна айнасы Нұрлан Әлімбаев
Нұрлан Әлімбаев

Нұрлан Әлімбаев

РЕДАКТОР

Нұрлан Әбдінәбиұлы Әлімбаев 1987 жылғы 9 мамырда Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында дүниеге келген.


Еңбек жолын 2012 жылы «Қызмет» қоғамдық-саяси газетінде бастап, 2012–2013 жылдары аталған басылымның редакторы қызметін атқарды.


2013–2020 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Оңтүстік» телеарнасында редактор болып жұмыс істеді. Осы кезеңде «Оңтүстіктегі оңды істер», «Апта тынысы», «Объектив» апталық-сараптамалық бағдарламаларының жүргізушісі болды.


Сонымен қатар «Ақ пен қара», «Мінбер», «Сындарлы қоғамдық диалог», «Көзқарас» қоғамдық-саяси ток-шоу бағдарламаларын жүргізді.


2020–2022 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Оңтүстік» телеарнасында бөлім басшысы қызметін атқарды.


2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-тың «Jibek Joly» телеарнасының Шымкент қаласындағы тілшісі болды.


2024–2026 жылдары Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарды.


Кәсіби қызметі барысында бірқатар марапатқа ие болды.


2015 жыл – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы.


2017 жыл – Шымкент қаласы әкімінің арнайы дипломы.


2018 жыл – Түркістан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы.


2019 жыл – Шымкент қаласында өткен «Үздік номинациялар – 2019» байқауында «Үздік журналист» номинациясының жеңімпазы.


2025 жыл – «Үздік баспасөз хатшысы» номинациясының иегері.


2026 жыл – Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты.

Бөлісу