Cұлтанов Қахарман Сейтқұлұлы – 07.06.1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген.


1988 – 1993 ж.ж. Алматы Энергетикалық институтының «радиоинженер» мамандығы бойынша білім алды.

01.12.1997 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына инженер қызметіне қабылданды. 

01.01.2005 жылдан бастап телеарнаның бас инженері.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының, Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихат және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.