"Таза бейсенбі". Елімізде осындай атаумен жалпыұлттық "Таза QAZAQSTAN" науқаны басталды. Акция әр бейсенбі жалғасады. «AMANAT» партиясының бастамасымен бүгін Шымкенттегі Құрсай елдімекенінің кіреберіс жол бойы тазарып, күл-қоқыстан аршылды. Оған 200-ге жуық азамат қатысты.

 Экологиялық акцияны қолдауға келген жас еріктінің бірі - Лаура Бораш. Еріктілер қатарына қосылғанына 6 жылдан асыпты. Ол Шым шаһарды жасыл қалаға айналдыру жолында аз да болса өз үлесімді қоссам дейді. Тазалық пен тәртіп сақтау - жобаның басты ұраны. Сенбілікке 50-ден астам техника жұмылдырылып, 200-ден астам адам қатысты. Тазалық жұмыстарына мәслихат депутаттарынан бөлек, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері де атсалысты.  «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері нақты аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Олар ай сайын бекітілген учаскелерді көгалдандырып, абаттандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу жұмыстарына да атсалысады.  "Таза QAZAQSTAN" науқанын қолдау мақсатында қолға алынған тазалық шарасы сенбіліктен бөлек, енді әр бейсенді тұрақты түрде жалғасады.