Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы шаһар жұртшылығы көп болып жұмылып «Қасірет» мемориалының аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бір кездері Шымкенттің шыға берісі саналған бұл жерді жұрт «Албасты сай» деп атайды. Көне көз қариялардың айтуынша нақақтан жала жабылып, халық жауы атанғандар жендеттің жетегінде келіп, кері қайтпаған. Жылда қала халқы осы «Қасірет» мемориалына жиналып, бабалар рухына тағзым етеді. Сенбілікте ағаштардың түбі әктеліп, артық өскіндер қырқылды. Орындықтар мен тарихи ескерткіштер боялып, сырланды. Айта кетеік тазалық акциясына 50-ге жуық техника жұмылдырылып,150-ге тарта адам қатысты.