Шардарада «Таза Қазақстан» акциясы жыл бойы жалғасады. Игілікті шара аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен «Таза аудан»деген атау алды.Шағалалы өңір тұрғындары эко акция аясында Шардара су қоймасының жағалауын күл-қоқыстан тазартып,қала мен ауылдарды абаттандырды. Тазалық жұмыстарына елмен бірге чемпиондар да қатысты.
Елімізде бастау алған эко акцияға шардаралықтар да белсене қатысты. Жұрт өздерінің сүйікті қалалыр мен шалғай ауылдар күл-қоқыстан тазартылды.Аяқ жолдар сыпырылып,суағарлар тазаланды.Сынған орындықтар мен жарықшамдар жаңаланып, тал-дарақтар әктелді. Бір сөзбен айтқанда шағалалы өңір тұрғындары да бастамаға бір кісідей қолдау білдірді.
Эко акцияға ел мақтанышына айналған чемпиондарымыз да ерекше үлес қосты. Олар теңіз жағалауында шашылған қалдықтарды қолмен теріп шықты.Игілікті шараға белсенділер мен қатар ауыл азаматтары да ат салысты. «Жұмыла көретген жүк жеңіл» демекші барлығы бірігіп сүйікті қалаларын тазалап шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» эко акциясы Шардарада жыл бойы жалғасатын болды. Ол «Таза аудан » деген атау алды. Ауылдағы ағайын осылайша игілікті бастаманы дәстүрге айналдырмақ.