Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасымен, қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінде орналасқан «Мәңгілік ел" саябағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке ауданның белсенді жастары мен ауыл тұрғындарынан құралған 250-ге жуық адам қатысты.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік және қоғамдық қызметшілер еріктілер мен ауыл тұрғындары да шет қалмады. Акциясы барысында қатысушылар тарапынан саябақ аумағы қоқыстардан тазартылып, ағаш түптері қопсытылып, абаттандыру көгалдандыру жұмыстар жүргізілді. Экологиялық акция барысында саябақтың маңы 12 секторға бөлініп, қатысушылар тарапынан 10 гектар саябақ аумағы тазартылды. Айта кетейік аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері елді-мекен аумақтарында көктемнің алғашқы күнінен бастау алып, тұрақты түрде жалғасып жатыр.