Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Түлкібас ауданында 29 саябақ аумағы ретке келтірілді.Көшелер тазартылып, тал-дарақтар әктелді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»көлік дәлізінің қос қапталы күл-қоқыстан тазартылды. «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында 100 бұлақтың көзі ашылды.
Акция аясында Түлкібас аудандағы барлық демалыс аймақтары мен аллеялар ретке келтірілді. Көше бойлары тазартылып, тал-дарақтар әктелді.
«Ардагерлер»саябағының аумағын тазартып, ретке келтіру жұмыстарына ардагерлер де ат салысты.Зейнет жасындағы ағалар демалыс орнының аумағын күл-қоқыстан тазартып, шөптерін шауып,абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Жеке қаржыларынан саябаққа атауы жазылған арка орнатты.
Айлық акция барысында аудандағы 441 көше, 115 шақырым аяқ жол,152 шақырымнан астам өзендер арнасы мен көпір,31 шақырымнан астам иригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды.Бұдан бөлек эко акция аясында аймақта 67 көпқабатты үй ауласы, 19 балалар және спорт алаңшасы реттеліп, ол жердегі орындықтар мен қоршаулар сырланды.
Түлкібаста «Мөлдір бұлақ» апталығында 100 бұлақтың көзі ашылып, айналасы абаттандырылды.Эко акция аясында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің қос қапталы күл-қоқыстан тазартылды.29 саябақ аумағы абаттандырылды. Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай туған жерінде 29 мыңнан астам тал-дарақ пен 12 мың гүл отырғызылды. Жалпысенбілікке 14 мыңнан астам түрлі мекеме қызметкерлері мен еріктілер атсалысты.