«Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын кезекті сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын телеарналар эфирінде, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырудың жалпы шарттары
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы (бұдан әрі - «Ońtústik» Телеарна), сондай-ақ https://ońtústiktv.kz/ru ресми сайтының және әлеуметтік желілердегі https://www.instagram.com/ońtústiktv парақшаларының, меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Телеарна, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.
Телеарна, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілердегі парақшалар «Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы мен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия) жасалатын жазбаша шарт негізінде Үгіт материалдарын орналастырады. Сонымен қоса «Ońtústik» телеарна Үгіт материалдарын орналастыру Телеарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес жүзеге асырылады, ал монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарна бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.
Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
1) қазақ немесе орыс тілдерінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес бейнероликтер;
2) бейнесюжеттер;
3) лентадағы мақалалар, баннерлер;
4) жарияланымдар (посттар), оның ішінде Stories форматындағы, және оларды бекіту;
5) өзге де Үгіт материалдары
Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің «Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы басшысының атына жазған жазбаша өтініші Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.
Үгіт материалдарының саны, хронометражы, орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:
1) Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партия өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Телеарна эфирінде интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда Саяси партиялардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын «Ońtústik» теле-, радиоарна белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса «Ońtústik» телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары «Ońtústik» телеарнасында эфирге жоспарлы шығуына, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады.
Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40 дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20 Гц – 20000 Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффициенті 1 %-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеу 100% анық болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.
Үгіт материалдары сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш-карта) беріледі.
Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының жазбаша рұқсаттары беріледі.
Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.
Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күштеп өзгерту, оның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни үстемдікті не алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақырулар қамтылған болса, «Ońtústik» теле-, радиоарна оларды орналастырудан бас тартады.
«Ońtústik» телеарнасы Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына басқа да кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастыру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі
№ Телеарна атауы Орналастыру түрі Орналастыру тілі 1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС
1 «Ońtústik» Телеарнасы Видеоматериалдар Қазақ ,орыс 45 000
2 «Ońtústik» радиоарнасының эфиріне аймақтық қосылу Аудиоматериалдар Қазақ, орыс 10 000
*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған
Интернет-ресурстарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі
№ Интернет-ресурс атауы Орналастыру түрі Орналастыру тілі Құны, ҚҚС қоса алғанда, теңге Техникалық талаптар
1 https://ońtústiktv.kz/ru
Баннер между разделами Қазақ,орыс 1 500 тәулік ішінде өлшемі: 1140x100px
Картинка jpg, png өлшемі файла 300Кб көп емес
2 https://www.instagram.com/qazaqstantv
Пост орналастыру REELS INSTAGRAM, TIKTOK, YOUTUBE Қазақ,орыс пост үшін 60 000
Пост (4x5) 1080x1350px; сурет jpg, png, файл өлшемі 5000 Кб-тан аспауы тиіс; видео mp4 1080x1350px, ұзақтығы 1 минуттан аспайды, дыбыстық сүйемелдеуі қазақ,орыс тілінде; сипаттамасы қазақ және орыс тілінде 2000 таңбадан аспайды (бос орындарымен)
REELS INSTAGRAM, TIKTOK, YOUTUBE, Қазақ,орыс 60 000 теңге тәулік ішінде
Stories, INSTAGRAM, TIKTOK, YOUTUBE 24 сағатқа орналастыру Қазақ,орыс 20 000 Stories (9x16) 1080x1920px; сурет jpg, png, файл өлшемі 5000 Кб-тан аспауы тиіс; видео mp4 1080x1920px, ұзақтығы 1 минуттан аспайды, дыбыстық сүйемелдеуі қазақ,орыс тілінде
*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған
Орналастыру құны Телеарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.
Жасалған шарт бойынша Телеарна, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау «Ońtústik» телеарна ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Ońtústik» Телеарна жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 20 шілдеден бастап, 2026 жылғы 19 тамызды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:
«Ońtústik» теле-, радиоарнасында https://ońtústiktv.kz/ru сайтында және әлеуметтік желілердегі https://www.instagram.com/ ońtústiktv парақшаларында орналастыру үшін Шымкент қ., Қазыбек би көш., 20 үй; 1 этаж, 101 кабинет, телефон: 8 7252 53 43 01.
«Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.