Шымкентте әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысы өтті. Жиында саладағы жетістіктер айтылып, кемшін тұстардың орнын толтыру бойынша ұсыныстар айтылды. Бұл күні арнайы жоба негізінде өңірлік келісім жасалды. Өндірістік жарақаттардың алдын алу, адам өмірін сақтау бойынша арнайы комиссия құрылды.

Жұмыс берушінің еңбек қатынасын реттеу – негізгі міндеттердің бірі. Әр мекеме өз жұмысшыларын сақтандыруы да шарт. 2005 жылдан бері қолға алынған заңға мойынсұнбағандар баршылық. 2022 жылғы көрсеткішпен сақтандырылған мекемелер 28 пайызды құраған болса, қазір олардың саны 50-ден асқан.

 Айтып өткен жөн, жұмысшының өмірі сақталмаған жағдайда мекемеге 5 пен 1000 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл салынады. Ол жалақы мен мекеменің табысына тікелей байланысты. Сондықтан мамандардың өмірі мен «өндірістік қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселесі күн тәртібінен түспек емес.

 Елімізде Президет бастамасымен қолға алынған «Халықтық бақылау» жобасы Шымкентте де жүйелі жүзеге асуда. Қазір 18 кәсіпорын осы бастама аясында тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Десе эде мегапоисте еңбек дауына қатысты мәселе әлі де оң шешімін түбегейлі таппаған.