Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Қытайдың «Beijing Hongfu Group» өнеркәсіптік холдингінің өкілдерімен кездесті. Бақосуда қонақтар ине кокс өндіретін жоғары технологиялық зауыт салуға ниет білдірді.

Қытайдан келген инвесторлар қаламызда қайталама мұнай өнімдерін терең өңдеу арқылы каталитикалық крекинг қондырғысы бар өнімдер шығаруға ниетті екенін жеткізді. Ұсынылып отырған тікелей инвестицияның жалпы көлемі шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Айта кетерлігі, инвестициялық жобаны жүзеге асыру 200 жаңа жұмыс орнын ашуға және қаламыздың түлектерін тиісті саласы бойынша жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдегі мұнай-химия өнімдерін терең өңдеудің өнеркәсіптік құрылымын жақсартуға бағытталып отыр. Кездесу барысында қала әкімі қытайлық компанияға қаламызға ықылас танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, бірлескен жобаны жүзеге асыру барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.