Бір орында тапжылмай, қозғалыссыз жұмыс істеу, әсіресе кеңсе жұмыстары еңбеккерді психикалық стресс пен дене ауыруларына шалдықтырады. Мұның мысалы: сегізкөз ауырулары мен көз нұрының әлсіреуі, қан айналымының бұзылысы мен артық салмақ мәселері болуы мүмкін. Мұны ескерген Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы түрлі сала мамандарын спорт алаңына тоғыстырып, дене қозғалысын белсенді етуге күш салып жүр.
«Жұмыс орынындағы психикалық денсаулық» ұранын ту еткен кезекті іс-шара Бадам елді-мекеніне қарасты Сәбит Мұқанов мектебінде өтті. Іс-шараға педогогтер мен мектеп қызметкерлері қатысып, 10 кезең бойынша бақ сынады. «Жарыстың басты пайдасы – ұжымдық ұйымшылдықты ұштайды» дейді Айжан Молдабаева. Өйткені, мұнда жеңіске жетелеуші негізгі фактор – командалық түсіністік.
АЙЖАН МОЛДАБАЕВА, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
– Жұмыс орыны жиі стрестік жағдайларға алып келуі мүмкін. Ол жұмыскерлер денсаулығына қауіп төндіретін негізгі фактор болып табылады. Осыған орай осы сайыс өткізілуде»
Эстефеталық сайыстар команданың әрбір мүшесін сынға алып, әбжілдік пен шапшаңдықты талап еттті. «Кім жылдам», «Көңілді секіргіш», «Қаппен жүгіру», «Теңге ілу», «Арқан тартыс» сынды кезеңдер жарыс қатысушыларын ширатып, шынықтырды. Тарих пәнінің мұғалімі – Керімбек Ғаламат сайыстың берері мол, жиі ұйымдастырылып тұрса екен дейді.
КЕРІМБЕК ҒАЛАМАТ, ҚАТЫСУШЫ
– «Бүгінгі сайыс өте қызықты әрі тамаша өтті. Шын мықтылар бүгін жеңіске жетті. Менің ұсынысым осындай сайыстар жиі өткізіліп тұрса екен.»
Қатысушылар белсенділігін алаңдағы төрешіден бөлек, арнайы тағайындалған қазылар алқасы да мұқият бақылады. Сайыс қорытындысына сәйкес үздіктер арнайы сыйлықтармен марапатталып, мақтау қағаздарын иеленді.