Шымкентте кеңес дәуірі кезінде бой көтерген баспаналар көп. 60-70 жылдары салынған көпқабатты тұрғын үйлердегі су құбыры мен жылу жүйесінің біразы тозған. Ескірген желілер жиі сыр береді, ауыстыруды қажет етеді. Осындайда бірінші болып жететін слесарь керек. Бұл кісілердің жұмысы ел ішінде көп елене бермесе де, ең қат мамандық. 15 жылдан бері осы салада еңбек етіп жүрген Еркін Пәрімбековті өз ісінің шебері деуге болады. Таңдаған мамандығын жақсы көретін ол бір сәтке де тыным таппаған. Көпқабатты үйлердегі жылу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды. Ақауды қалыпқа келтіріп, тозған құбырды ауыстырады.
Ынталыға жұмыс көп. Бұл Еркін Пәрімбековтің ұстанымы. Жұмыс уақытын кабинетте емес, көпқабатты үйлердің жертөлесінде өткізеді. Себебі қысқы маусымда тұрғындардың жылы үйде отыруын қамтамасыз етеді. Жарылған құбырды ретке келтіріп, пәтерге ыстық, суық судың үздіксіз келіп тұруын қадағалайды. Бір сөзбен айтқанда слесарь мамандығын игерген. Бұл қызметте 15 жылдан бері еңбек етіп келеді.
ЕРКІН ПӘРІМБЕКОВ - СЛЕСАРЬ
Өзім жұмыс істеп жүргеніме 15 жылдай болды. Осы Қуатжылу орталықпен, әкімшіліктермен, Әл-Фараби ауданы, Тұран ауданы, Абай ауданы әкімшілігімен бірге бірігіп жұмыс істейміз. Әсіресе Қуатыжылумен тығыз жұмыс істейміз. Жазды күні опресовка істеп қысқа дайындаймыз домдарымызды. Март айында жылу өшеді. Сол кезден бастап домдарды аралап, кімнің үйі жлымады қыстың күні солардың барлығын қарап айтамыз сіз стоякті ауыстырыңыз болмаса бірігіп ауыстырып береміз деп.
Қазіргі таңда маман иесі Әл-Фараби ауданында 25 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетеді. Еңбегін тұрғындар жақсы бағалайды. Себебі жылу жетпей, су келмей қалса бірінші қоңырау шалатын адам да осы. Айтуларынша қандай мәселе туындаса, күннің кез келген уақытында келіп, кеткен кемшілікті жояды.
ЛӘЗЗАТ ТАЛАСБАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Біз Еркінмен жұмыс істегенімізге 15 жылдан асып кетті. Мен бұл жерге көшіп келгелі бері сол кісмен бірге жұмыс жасайтын. Домның жылуы өте жақсы. Қысты қыс демейді боран болса да, түн болса да, таң болсада шақырамыз келеді. Жұмысы өте жақсы тиянақты адал істейді.
ГАЛИНА ПОДРЯДОВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен 2014 жылдан бері осы үйдің төрайымымын. 2015 жылы біз үйде толықтай жаңарту жұмысын жүргіздік. Сол кезде жертөледегі құбырлардан біршама қателек кеткен. Соның барлығын осы Еркін жөндеп қалыпқа келтіріп берді. Жылу құрылғысын өзі қабылдап алды. Қай уақытта шақырсаң да келеді. Бір түнде екі рет шақырту жасаған кез болды. Артық әңгімесі жоқ. Өз жұмысын тыңғылықты істеп кетеді. Баррлық тұрғындар Еркінге риза. Бұл жігітпен бірге жұмыс істегенімізге ризамыз.
Әл-Фараби ауданы әкімдігінің коммуналдық бөлімі Еркін Пәрімбековпен тығыз байланста жұмысы істейді. Ауданда ақауы бар тұрғынүйлердің құбырын жөндеп, қалыпқа келтіруді жиі тапсырады. Себебі жұмысын сапалы әрі тиянақты атқарады.
ЕЛНҰР ӘУЕЛБЕКҰЛЫ - ӘЛ-ФАРАБИ АУДЫНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен біржақты келісімшартқа тұрып ішкі жылу жүйелерін реттеп, қысқы майсымға дайындап қысқы уаытта қамтамасыз етіп айналысады. Осы ИП Еркін көп жұмыстар атқарды. Жаз бойын 25 домның жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргіздік. Әрбір домды қуатыжылумен қабылдау барысында барып бақылап көрдік опресовкасы жасалған. Қысымдары реттеліп барлық стояктары мен лежактары ауыстырылып ретке келтірілген. Сол дамдарға жылу уақытыл беріліп отыр. Тұрғындар бұл кісіге ризашылығын айтып отыр. Біз де ризашылығымызды айтамыз. Бұл кісілердің арқасында қазірге тұрғындарға тоқтаусыз уақытылы жылу беріліп отыр.
Біздің кейіпкеріміз секілді маман иелерінің еңбегі қашанда бағаланады. Себебі адал еңбек әр-бірімізді жақсылыққа жетелейді. Еңбек адамның кішкене ғана тірлігі теңізге тамған тамшыдай елдің көркеюіне үлесін қосары сөзсіз.