Түркістан қаласындағы Сельмаг су жинау қоймасы қайта жаңғырды. Енді көне шаһардың Ортақ, Шавгар, Ремзавод аймақтары сапалы ауызсу пайдаланатын болды. Қайта түлеген су қоймасының ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барды.
Бұл су қоймасы өткен ғасырдың 50 ші жылдары пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып жаңа жылдың қарсаңында ел игілігіне беріліп отыр.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тікелей қадағалауымен Бұл нысанда қайта қөұру жұимыстары жүргізілді. Сельмак су қоймасы 1953 жылдан басталған. Ортақ Шавгар Ремзавод
Сельмаг қоймасының жалпы қуаттылығы 5200 шаршы метрді құрайды. Бұл 6 мыңнан астам абонентке 25 мың тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Қойманың қайта жаңғырғанына бәрінен бұрын тұрғындар дән риза.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 651 млн теңге. Қаралған қаржыға су жүйесі жаңарып, бетон қабырғалары ауыстырылған.