Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жыл басынан 97,2%-ды құрап, облыс бағаны тұрақтандыру жұмыстары бойынша өңірлер арасында 1 орынға шықты. Ал бағаны негізсіз өсіргендерге айыппұл салынды. Осы және өзге де мәселелер жылды қорытындылаған аппарат жиынында айтылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру арқылы өңірдегі инфляция көрсеткіші төмен деңгейде сақталып келеді. 11 айдың қорытындысымен инфляция көрсеткіші 7,6%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша да Түркістан облысы тиімді жұмыс жүргізіп, республикада 4 орынға тұрақтаған. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға бұл бағыттағы жұмысты әліде жандандыруды тапсырды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бір жылдық жұмыс қалыптығой Енді көктемгі жұмыстарға дайындалу керек. Жұмыс қалыпты осы бағытта жұмысты тоқтатпаймыз.
Бағаны тұрақтандыру бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия белсенді жұмыс істеген. Комиссияның негізгі қызметіне бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау функциялары кіреді. Жыл басынан комиссияның 96 отырысы өткен. Бағаны негізсіз өсіру, сауда үстемесін асыру, өнімсіз делдалдарды анықтау бойынша 281 факті қаралып, әкімшілік айыппұл салу үшін тиісті органдарға жолдаған.
НҰРЖІГІТ МЫРЗАХМЕТОВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Онбір айдың қорытындысымен инфляция 6,7 пайызды құрап Көрсіткіш бойынша Түркістан облысы төртінші орында.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, азық-түлік қоры жеткілікті. Сыйымдылығы 4000 тоннаны құрайтын заманауи қойма толық пайдалануға берілді. Онда азық-түлік тауарлары талапқа сай сақталып, сауда орындары мен әлеуметтік дүкендерге тұрақты түрде жөнелтіліп жатыр.