Абайлаңыз, айыппұл арқалап кетпеңіз! Енді рұқсат етілмеген жерлерде отшашу мен петарда атқандарға 74 мыңға жуық айыппұл салынуы мүмкін. Қазір елімізде  пиротехникалық бұйымдарға сұраныс тыйылмай тұр. Былтырғы жылдың статистикасына сүйенсек, қаңтар мен қараша айларында Қазақстанға 230 тоннадан астам отшашу әкелінген. Ал жұрт қауіпсіздік талаптарын қаншалықты сақтап жатыр? Нендей ережелерді ескеру керек? Келесі бейнематериалдан білейік..

Әсел Иманқұлова Шымкент қаласындағы пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысып,  16 жылдан аса сапа жағынан дес бермей келе жатқан компаниялардың бірінде қызмет атқарады. Олардың дүкендерінде жаңа жыл қарсаңында сауда қыза түсетін көрінеді. Бірақ, Әсел әр тұтынушыны  алдымен қауіпсіздіктің басты талаптарымен таныстырады.
ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ – ЖУРНАЛИСТ
Мынадай отшашуларды сатып алмастан бұрын сіз ескеруіңіз тиіс қағидалар бар. Алдымен сыртқы қорабы бүтін әрі су тимеген болуы шарт! Себебі, бүлінген бұйымнан оқыс жағдайлар орын алуы әбден мүмкін.  Сондай-ақ, сапа туралы сертфикаты мен лицензиясының болуын сатушыдан  қысылмай сұрағаныңыз жөн!  Оған қоса шығарылған күні және сақталу мерзіміне де баса назар аудару қажет…. 02:06    01:48 - 02:16 екінші вариант

 Иә, жалт-жұлт еткен мұндай  тарсылдақтарды тамашалауға әркімнің-ақ бар таласы. Сағат тілі 12-ні көрсеткенде үйден сыртқа бет алып, осы бір таң-тамашаны көруге асығатындар қатары көп. 500 теңгеден басталатын отшашулардың бағасы нарықта 300 мыңға дейін барады. Алайда, қалтасына қарамай  қызықтап,  қауіпсіздік шараларын ескермейтіндер де табылып жатады екен.
НҰРСҰЛТАН ӘШІМ - АБАЙ АУДАНДЫҚ ТЖБ ИНЖЕНЕРІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ
 Пиротехникалық өнімдердің сертификатталғансыз және де қала тұрғындарының өрт қауіпсіздігін сқтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шара барысында арнайы жаңа жыл мерекесі қарсаңында дайындалған жаднама парақтарын тұрғындарға ұсынудамыз. Және де өрттердің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
 Жылдағы дәстүр бойынша биыл да желтоқсан айынан бастап Төтенше жағдайлар және полиция департаменті пиротехниканы заңсыз саудалағандар ды анықтап, қауіпсіздік шараларымен таныстырады. Рейдтің нәтижесінде  200 дана отшашу тәркілеп, заң бұзғандарға 196 бап бойынша 67 хаттама толтырылған. Тағы бір ескеретін жайт, қауіпсіздік ережесіне сүйенсек, пиротехникалық бұйымдар жазық алаңда атылуы тиіс. Яғни, тұрғын үйлерден кемі  50-100 метр алшақтықта қолданылғаны жөн.