Жер сілкінісі, өрт оқиғасы және өзге де төтенше жағдайлар. Апат орын алған кезде зардап шеккендерге жәрдем ету үшін ең алдымен төтеншеліктер аттанады.Өрт сөндіру қызметі 24 сағат тыным таппай жұмыс істейтіндердің қатарында бірінші орында тұрады. Шымкент қаласында 9 бөлімше бар. Мереке күндері ондағы 956 адам кез келген төтенше жағдаға дайын тұрады.
№3 өрт сөндіру бөлімінде талай адамды қызыл жалыннан арашалап қалған қаһарман өрт сөндірушілер жұмыс істейді. Соның бірі - Жәнібек Төлемет. 20 жылдан бері  қызыл жалынмен арпалысып, елге қызмет етіп келеді. Апат орын алған аймақтардан адамдарды құтқарып, ерен еңбегімен көзге түскен тұлға. Мінсіз қызметі үшін медалімен екі рет марапатталған.
 ЖӘНІБЕК ТӨЛЕМЕТ - №3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ СТАРШИНАСЫ
Қазіргі таңда №3 бөлімшенің екінші қарауылында бөлімше командирі болып қызмет атқарамын. Қарамағымда 15 қызметкер бар. Кезекшіліккетүскен кезде әр-бір жүргізушілер мен өрт сөндірушілерді өз орындарына тағайындаймын. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргіземіз. Өртке шыққан кезде жүргізушілерге дұрыс бағдар көрсетеміз. Өртке барған кезде дұрыс шешім қабылдап, әр-бір өрт сөндірушілерменбірге бірінші адам құтқару жұмстарымен айналысамыз. Өз міндетіміз өрт сөндіру автокөлігін қауіпсіз жерге қойдырып, өрт сөндірушілермен бірге адам құтқару және өрт сөндіру жұмсымен айналысамыз.
Өрт сөндірушілердің жұмысы әлемдегі ең қауіпті және күрделі мамандықтардың бірі. Олар адам өмірі мен мүлкін құтқаруды, сондай-ақ өртті жоюды міндеті деп есептейді. Кейіпкеріміз де өз жұмысына адал, талапқа қатал. Мұны әріптестері де мойындайды. Өрт орын алған кезде барлық ауыртпалық бөлімше командиріне түседі екен. Себебі дұрыс шешім шығара білуі кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.
 ДӘУЛЕТ ШЫНАРБАЙ  - №3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ
Қызмет атқару барысында өртке барған кезде дұрыс шешім қабылдай біледі. Одан кейін нұсқаулықтарды жүргізушіге, өрт сөндірушіге өте жақсы түсіндіріп, қызмет барысында өзін өте жақс көрсетеді. Көптеген үлкен өрттерде өзінің адалдығын және де өртте қалай қызмет атқару керек екенін жас буындарға жақсы көрсетеді өзін үлгі ретінде тұтамыз. Өрт сөндіру оңай емес. Өртке барған кезде біраз адамдар қорқып, сасқалақтап, өртте қалай жұмс істеу керек екенін білмей қалатын жағдайлар бар. Бұл кісілер солардың барлығын дайындайды. Бөлімше командирі өз міндетін өз нұсқаулықтарын өте жақсы біліп түсіндіріп балаларға шешуші бағытты дұрыс анықтай алады.  
 Өрт сөндіру қызметі тәулік бойы тынбай қызмет ететін мамандыққа жатады. Әсіресе жаңа жылдық мереке кезде шақыртулар көп болады дейді төтеншеліктер. Сондықтан биылғы мерекеде шақыртуларға шығуға барлық құрам мен өрт сөндіру техникасы сақадай сай.