Облыс орталығындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде өңірдің  спорт саласының майталмандары марапатталды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жылды табысты аяқтаған өңір спортшыларын құттықтады. Үздіктерге арналған статуэткалар мен алғыс хаттар табыстады.

Еліміздің имиджімен облыс спортының дамуына елеулі үлес қосқан спортшылар қатарында боксшылар Сабырхан Төрехан, Сағындық Тоғамбай, сурдо шахматтшы Мейрман Пернеев, жамбы атушы Батыр Бексауыт бар. Сонымен қатар  академиялық есуші Владислав Яковлев, самбо күресінің шебері Нұрила Асанқызы, сурдо дзюдошылар Айдарбек Тоқтарбек пен Қуандық Шадияр, сынды талантты саңлақтар бар. Осындай дарынды спортшыларды дайындаған жаттықтырушылары да марапатталып, құрмет көрсетілді.
ТӨРЕХАН САБЫРХАН, БОКСШЫ
Бокспен шұғылданғаныма 9 жыл болды Осы жылы екі рет азия чемпионы атандым.

Сондай-ақ биыл мекеме спортшылары Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып 87 алтын, 40 күміс, 41 қола еншілеп, жалпы саны 168 медаль жеңіп алды. Түркістан облысының қалалық, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында үздік көрсеткішке ие болған Сарыағаш ауданы «Қажымұқан атындағы №1 БЖСМ» «Үздік балалар мен жасөспірімдер мектебі» атанды. «Үздік аудан» номинациясы Ордабасы ауданына бұйырды.
ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
  Бірлікпен еңбек барда алынбайтын қамал жоқ жеттістіктер айқын дәлел
 Айта кетейік, жыл қорытындысы бойынша жерлестеріміз Әлем чемпионаттарында 78 алтын, 54 күміс, 40 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионатында 110 алтын, 69 күміс және 82 қола жүлдені облыс қоржынына салды. Ал Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 502 алтын, 327 күміс, 360 қола медальді иеленіп, жалпы жыл бойында 1622 жүлдеге қол жеткізді. Биылғы жылы облыстан 616 спортшы ұлттық құрамаға еніп, өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткішке ие болған.