Биыл 8 мың 810 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, қаржылай қолдау жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға төмен. Көрсеткіш жылдан-жылға бәсеңдеп, мемлекетке қол жаятындар азайған. Мамандар мұның себебі жұмыспен қамту бағдарламасының қарқын алып, жемісті болуынан дейді. Қанат Жолдасбек сабақтайды.
Аталған көмек азаматтарға екі түрлі негізде беріледі. Олар шартты және шартсыз. Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға мемлекет шартсыз ақшалай көмек көрсетеді және олар жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысуға міндеттелмейді. Ал жанұя құрамында еңбекке қабілетсіз мүшесі жоқ, бірақ әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасылар үкімет ұсынған жәрдемақыны шартты негізде қабылдайды. Бұл санаттағы азаматтар жұмыспен қамту шараларына қатысуға міндеттеледі.

Мұның бәрі біз секілді азаматтар көрсетіп жатқан мемлекеттің үлкен көмегі. Бізде отбасымызда қаржылай қиындықтар болды. Сөйтіп балам үш жасқа жолғанға дейін жәрдемақы алып отырдым. Одан кейін мені өздері оқытып, жұмыспен қамтыды. Алғысым шексіз!
Әлеуметтік көмек алушылардың дені 18 жасқа толмаған, еңбекке қабілетсіз балалары бар аналар. Сондай-ақ 6 жасқа дейінгі перзенті бар асыраушы қосымша 1,5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 5538 теңге көлемінде қосымша жәрдәмақы ала-алады. Мамандар, келер жылы атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне біршама өзгертулер еніп, медиалды табыс көрсеткіші есепке алынатынын хабарлайды.
КҮЛИЯ ЖАКАШОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
– «Медиалды көмектің көрсеткішін статистика басқармасы әзірлейді. Ол көрсеткіштің 35 пайызы кедейшілік шегінен асып жатса, сол көрсеткіш негізінде әлеуметтік көмек төлейміз»
Шымкентте жұмыспен қамту шаралары қарқын алып, жоғары динамикамен іске асуда. Нақты сандарды сөйлетер болсақ, биыл 30 207 адамды еңбекке тарту көзделген. Оның 28 813-і жұмыс тауып,  жоспар 94,4%-ға орындалды. Жоғарыда көрсеткен кейіпкеріміз сынды нақты мамандығы жоқ 3376 азамат кәсіптік білім беру бағдарламасына жөнелтіліп, маман атанған.
БАҒДАТ АРҚАБАЕВ, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 – «Жастар бағдарламасымен 2311 азамат жолданды. Қоғамдық жұмысқа 2453 азамат жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 170 азамат жолданды. Ұрпақтар келісімшарты жобасына 20 азамат жолданды. Күміс жас жобасы аясында 800-ге жуық азамат жолданды.
Орталық басшысы ұсынған мәліметтер мен сандар әлі де жетіліп, ширай түспек. Өйткені бұл 11 айдың нәтижесі. Алда жылдық қорытынды есептеліп, цифралар толыға түспек.