Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Заңда қамқоршы ата-аналарға қойылатын талаптар қатаңдататылған. Оған бала асырап алушы мен асырап алынған баланың жас айырмашылығын анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы мәліметтерді жыл сайын жаңарту, психологиялық диагностикадан өту міндеттеледі. Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.