Тәні саудың - жаны сау. Өнімді жұмыс істеп, тұлғалық, карералық өсім болуы үшін денсаулығыңыз жақсы, сергек болуыңыз қажет. Осылай деген Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы түрлі мекеме қызметкерлерін спорт алаңына тоғыстырып, «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» атты эстафеталық сайыс өткізді.
Кеңседе кеңес құрып, компютер алдында тапжылмай қызмет атқаратын маман, жұмыстан тыс уақытында спортпен шұғылдануы шарт. «Қан айналымын жүйелеп, ауыру-сырқаудың алдын алатын амал осы» дейді Айжан Молдабаева.
АЙЖАН МОЛДАБАЕВА, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
– «Жұмыс уақытында бәріміз шаршаймыз, психологиялық стресс аламыз. Қызметкерлерді сергітіп, жұмыстан бір сәт аулақ әкетіп сергіту мақсатында осы спорттық сайысымыз өткізілуде.»
Сайысқа үш команда қатысып, жүзден жүйрікті анықтады. Қатысушылар арқан тартысып, шеңбер бойымен жүгірді. Қап арқылы кедергілерден өтіп, шапшаңдық пен тапқырлықты сынға салды.
ГҮЛМИРА МҰХТАРҚЫЗЫ, ҚАТЫСУШЫ
– «Бізде арқан тартыс болды, қаппен секіру болды. Бұл біздің денсаулығымызға өте пайдалы деп ойлаймын.»
Сайыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.