BUSINESSGO: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІК
Кәсіпкер үшін уақытты үнемдеу – бизнесті тиімді жүргізудің маңызды шарттарының бірі. Ал касса, тауар есебі, сатылым мен маркетингті бір жерден басқару жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді. Шымкентте бүгін осы бағыттағы жаңа цифрлық мүмкіндік – BusinessGO платформасы таныстырылды. Қалалық Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуге іскерлер мен дистрибьюторлық компаниялардың өкілдері қатысты.
BusinessGO – кәсіпкерге қажетті бірнеше құралды бір жүйеге біріктіретін цифрлық платформа. Оның көмегімен тауар есебін жүргізіп, сатылым көрсеткіштерін бақылауға әрі маркетингтік құралдарды пайдалануға болады. Жаңа жүйе әсіресе дистрибьюторлар мен бөлшек сауда орындарының арасындағы жұмысты оңтайландырады. Кездесуде сауда айналымын тиімді ұйымдастыру жайы талқыланды. Кәсіпкерлер де пікірін ортаға салып, платформа жайлы ақпарат алды. Жиында шағын және микробизнеске арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы да таныстырылды. Жаңа жобалар кәсіпкердің уақытын үнемдеп, жүгін жеңілдетуді мақсат етеді. Ал BusinessGO платформасы осы сынды мүмкіндіктерді бір цифрлық ортада ұсынуды көздейді.
НҰРБЕК НӘЛҚОЖА, «АТАМЕКЕН» ҰКП АППАРАТ БАСШЫСЫ
Әр инструментті алатын болсақ, грин кассасы бар, тауардың тіркеу жүйесі бар.Сонымен қатар, маркентингтік инструменттер бар.Оған шағын және орта бизнес өкілдері жылына миллион теңге жұмсаса, біздің платформа жылына 15 мың теңгені ғана құрайды.Қазіргі енгізіп жатқан жобамыз 3 айдан асты, жалпы саны 16 мыңнан асты.Яғни қазіргі айналым 1 миллион теңге болса, бұл қолданба арқылы екі есе көбейтіп жатыр сол санды.