Негізгі Жаңалықтар «МЕНІҢ ӘЛЕМІМ»:ЖАҢА МАУСЫМДА ЖАҢА ЖОБА

«МЕНІҢ ӘЛЕМІМ»:ЖАҢА МАУСЫМДА ЖАҢА ЖОБА

Оңтүстік телеарнасында жаңа жоба. Осы сенбіден бастап «Менің әлемім» атты бағдарлама телекөрерменге жол тартады. Жоба елге есімі белгілі өнер әрі қоғам қайраткерлерінің көпшілікке беймәлім қырларын танытады.


Бағдарламада танымал тұлғалар өмір жолы мен шығармашылық ізденісі жайлы сыр шертеді. Кейіпкерлер кәсіби жетістігімен қатар, толғандырған ойын ортаға салады. Өткенге көз жүгіртіп, бүгінді бағамдайды. Ашық аспан астында бас қосқан жастар қонаққа қызықтырған сауалдарын жолдап, әңгіме-дүкен құрады, емен-жарқын пікір алмасады.


 «Менің әлемім» бағдарламасы «Оңтүстік»  телеарнасында 19-шы қыркүйек күні сағат 19:20-да көрсетіледі. Кейіпкерлердің ішкі әлеміне бірге үңілейік!

Бөлісу