Негізгі Жаңалықтар АЛТЫН ОРДА ТУРАЛЫ ЕҢБЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

АЛТЫН ОРДА ТУРАЛЫ ЕҢБЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістанда француз тарихшысы Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Алтын Орданың тарихы мен әлемдік рөлін жан-жақты қамтыған еңбек оқырмандарға жол тартты. Автор кездесуде зерттеу жұмысының жазылу тарихы мен дереккөздері туралы баяндады.


 Тарихшы Мари Фаверо Алтын Орда тарихын зерттеуге және жазуға 20 жыл уақытын жұмсаған. Ғалым өз еңбегінде араб, түркі, орыс, көне итальян, латын және парсы тілдеріндегі жазба деректерді, археологиялық зерттеу нәтижелерін пайдаланған. Кітаптің тұсаукесер рәсімінде автор зерттеуге қалай келгені, оның жазылу тарихы және зерттеудің деректік базасы туралы баяндады.


МАРИ ФАВЕРО, ФРАНЦУЗ ТАРИХШЫСЫ
Студент кезімнен зерттей бастадым, яғни 20 жыл уақытымды арнадым. Ол кезде Алтын Орда туралы деректер, зерттеулер болмады. Бұл осы тақырыпты терең зерттеуге ықпал етті. Қазақстан, Европа, Ресей, Түркияның ұлттық мұрағатынан дереккөздерді іздеп, археологиялық жәдігерлерді тауып, барлығын біріктіріп осы еңбекті жаздым. Менде Жошы ұлысы кезеңінің тиындары бар.


Кітап Жошы ұлысы мен Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орны мен рөлін жан-жақты зерделеуге арналған. Еңбекте сауда жолдары, дипломатиялық байланыстар, қалалардың дамуы, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыстар қарастырылады.


 БАҚЫТЖАН ТӨЛІМБЕТ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Конференция, үлкен саммиттерде президентіміз айтып өткендей Алтын Оржаның негізгі мұрагері қазақ халқы, қазақ жері болып есептеледі. Сондықтан бұл кітаптің ерекшелігі біздің жас оқырмандарға берері көп.


Ғалым еңбегі 10-нан астам тілге аударылған. Кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы 1000 дана таралыммен жарыққа шықты. Кезедесу соңында қатысушылар Мари Фаверомен пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Зерттеу еңбегі тарихшыларға, зерттеушілерге, студенттерге және тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Бөлісу