Негізгі Жаңалықтар СПОРТ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

СПОРТ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

Салауатты өмір салты - отбасынан басталады. Түркістан қаласында «Бәйге» жобасы аясында Спорт күніне орай эстафеталық ойын өтті. «Ата-ана- тірегім, бала - жүрегім» тақырыбындағы отбасылық сайысқа №32 мектептің оқушылары ата-аналарымен бірге қатысып, спорттағы ептіліктерін сынады.


 Эстафетаға қатысушылар 4 топқа бөлініп, спорттың 5 түрінен бақ сынады. Балалар мен ата-аналар жарыс барысында шапшаңдықтарын шыңдап қана қоймай, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті. Шара барысында балалардың денсаулығына қатысты маңызды мәселеге де назар аударылды. Мамандар жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


 Дәрігер-инфекционист балаларға жұқпалы аурулардың таралу жолдары мен одан сақтанудың қарапайым тәсілдерін түсіндірді. Әсіресе жеке бас гигиенасын сақтау, қолды сабынмен жиі жуу, таза су ішу, бөлмені желдету және ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу қажеттігі айтылды.


 Мамандар балаларға адам көп жиналатын ортада санитарлық талаптарды сақтаудың, дұрыс тамақтанып, иммунитетті нығайтудың маңызын да түсіндірді. Сонымен қатар жұқпалы аурудың алдын алуда әр адамның жауапкершілігі маңызды екені ескертілді.




Бөлісу