БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
Берекелі шаңырақ – тәрбиелі ұрпақтың, берік қоғамның бастауы. Түркістанда Отбасы күніне орай «Отбасым – мақтанышым» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Жиында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ұрпақтар сабақтастығы кеңінен сөз болды.
Отбасы берік болса – қоғам да берік. Аналар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған жиын «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында өтті. Басқосуда ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнегелі отбасы үлгісін қалыптастыру мәселелері көтерілді.
ГҮЛСАРА ТОКҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Отбасында әдемі тәрбие алған адам, өзінің өмірінің соңына дейін кім екенін, кім болу керек екенін, қандай болу керек екенін өмір бойы санасынан шығармай өзінің дегеніне жететін азамат пен азаматша болып өтетініне күмәніміз жоқ. Қазақта айтады ғой ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Міне!
Отбасындағы тәрбие – баланың болашағына салынған негіз. Кездесуде ұрпақтар сабақтастығын нығайту, өнегелі отбасылардың тәжірибесін насихаттау және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайы да назардан тыс қалмады.
ӘСЕЛ БИМЫРЗАЕВА, «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ
Үлкендердің айтуынша, көп сол кездегі ырым-тыйымдар, салт-дәстүрлер қазіргі жастарға өте бермейді. Бірақ соның өзінде сондай бір жағдайлардан шығып, бір ортақ ұрпақтар сабастағына жобалар ұйымдастырып, тәлім-тәрбиесі мод шараларын өтуі керек деп ойлаймын.
Жиын соңында қатысушылар «Бақытты отбасы» тақтайшасына жүрекжарды тілектерін жазды. Өнегелі отбасылар мен белсенді қатысушыларға сый-сияпат табысталды.