Негізгі Жаңалықтар ТІЛ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСТЫ

ТІЛ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСТЫ

Шымкентте 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектептерде онкүндік іс-шаралар мен тіл апталықтары өтті. Бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Онкүндіктің қорытынды жиынында «Тіл және технология: тілдің жаңа тынысы» атты қалалық фестиваль ұйымдастырылды. Шарада қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі рөлі мен жасанды интеллект дәуіріндегі мүмкіндіктері сөз болды.


 Онкүндік аясында оқушылар жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің болашағын талқылап, эссе байқаулары мен пікірталастарға қатысты. Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған көрмелер мен ашық сабақтар да ұйымдастырылды. Білім алушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін сынап, тілдік дағдыларын жетілдірді.


БІРЖАН БАЙТУОВ, «ҚАРАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қаламызда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың тілі бұл өзінше үлкен құндылық. Соның барлығының басн қосып ұйыстыра білу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан бұл тілдер мерекесі жалпы Қазақстанда қоныс тепкен халықтардың тілдерін, оның ішінде біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеретін үлкен мереке.


 Ауқымды шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, түрлі ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар қазақ тілін заманауи технологиялар мен ғылым саласында кеңінен қолдануға жол ашу маңызды екенін атап өтті.


ЛӘЙЛӘ БЕКБОСЫНОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Өзіміздің ана тілі арқылы цифрландыру технологиясы, жасанды интеллект арқылы биыл жаңаша үрдісте соны жас ұрпаққа жеткізу болды. Осы мақсатта түрлі іс-шаралар жіберілген болатын. Пікір талас та ұйымдастырылды. Онда жасанды интеллект тілдің қауіпі ме әлде тілдің дамуына мүмкінді кеп деген пікір таластар, дөңгелек үстелдерң әдеби қойылымдар тіпті мұғалімдер арасында әдістемелік сағат ұйымдастырылып онда орыс, ағылшы және қазақ тілі мұғалімдері өзара әдіс алмастық.


Фестиваль барысында он күн бойы белсенділік танытқан оқушылар, мұғалімдер мен мектеп директорлары марапатталды.


 ШОЛПАН АЙТБАЕВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Тілдер мерекесіне және АхметБайтұрсынұлының тған күніне орай қаланың барлық білім беру ұйымдарында тілдер онкүндігі өтті. 2 қыркүйектен 11 қыркүйекке дейін жалғасты. Қала бойынша бізде арнайы қосымша білім беру ұйымдарын қосқанда 306 мекеме болса, оның ішінде 168-і қазақ тілінде оқытатын болса қалғаны бөлігі 142-і аралас тілді мектептер. Олдеген сөз бізде тек қана мемлекеттік тілмен қатар ана тілі әр ұлт өзінің ана тілін құрметтеуге бірге осы фестиваль аясында тілдер мерекесі аясында осындай бір сабақтастық, насихаттау жүретін болады.


Айта кетейік, тілдер онкүндігі 2-11 қыркүйек аралығында қаладағы білім беру ұйымдарында өтті. Биыл шараға қосымша білім беру ұйымдарын қоса алғанда 306 мекеме қатысты. Оның 168-інде оқыту қазақ тілінде жүргізілсе, 142-сі аралас тілді мектептер. Онкүндік аясында мемлекеттік тілмен қатар өзге этностардың ана тілдерін құрметтеу құндылығы да кеңінен насихатталды. Тілдер онкүндігі жыл сайын 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылады. Биыл да ағартушының мұрасы дәріптеліп, қазақ тілінің жаңа технологиялар дәуіріндегі мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.



Бөлісу