ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері мен мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттардың орындалуы бақылауда. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының кезекті мәжілісінде талқыланды.
Жиынды облыс әкімі аппаратының басшысы Файзулла Байдуллаев өткізді. Күн тәртібінде жоғары тұрған және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен хаттарды қарау, өтініштерді уақтылы орындау және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қаралды. Жауапты бөлім басшысы Камелия Дүйсебекова атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жиынға облыстық басқармалардың басшылары да қатысты. Сонымен қатар облыс әкімінің халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы талқыланды. Жауапты мамандардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Файзулла Байдуллаев тапсырмаларды орындау кезінде жеделдік пен жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Мәжіліс соңында жауапты басқарма өкілдеріне нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.