ШАРУАЛАР 80 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАДЫ
Шымкентте егін жинау науқаны сәтті аяқталды. Биыл жергілікті шаруалар 21 мың гектардан астам алқапқа егін егіп, 80 мың тоннаға жуық өнім жинап алды. Қазіргі таңда өңірдің аграрлық секторында озық технологияларды енгізуге ерекше басымдық беріліп отыр. Нәтижесінде заманауи жылыжайлардың аумағы ұлғайып, тамшылатып суару әдісі кеңінен қолданыла бастады. Бұл бәсекеге қабілетті арттырып, өнімділікті біршама еселеуге мүмкіндік бермек.
Биыл Шымкентте 21 мың гектар жерге дәнді, майлы және мал азықтық дақылдардан бөлек, картоп пен көкөніс егілді. Жауапты мамандар бұл егістен 81 мың тоннаға жуық өнім жинауды межелеп отыр. Ал жалпы түсімнің жиынтық құны 59 миллиард теңгеден асады деп жоспарлануда.
ҚАЙРАТ БАЗАРБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дара бөлігінде айтсақ. дәнді дақылдар – 6,4 мың га (бидай – 5,3 мың га, арпа – 1,1 мың га), орташа түсім гектарына 15-20 центнер; майлы дақылдар – 3,0 мың га (мақсары), орташа түсім гектарына 10,8 центнер; мал азықтық дақылдар – 9,8 мың га; көкөніс пен бақша дақылдары – 1,8 мың гектарға егілген болатын.
Аймақта егін шаруашылығын қолдауға серпін берілді. Биыл жергілікті бюджеттен саланы дамытуға 863 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы ең алдымен диқандардың еңбек өнімділігін арттырып, шығынын азайтуға бағытталған. Қолдаудың басым бөлігі минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға және сапалы тұқым шаруашылығын дамытуға жұмсалды. Сонымен қатар, жылыжай қожалықтарының да коммуналдық шығындары ескеріліп, мемлекет тарапынан жеңілдіктер берілді. Дала жұмыстарының кедергісіз жүруі үшін шаруаларға қажетті жанар-жағармай да арзандатылған бағамен үлестірілді.
ҚАЙРАТ БАЗАРБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сонымен қатар, 2026 жылға қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы 491 тенге жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Көктемгі дала жұмыстарына және күзгі дала жұмыстарын. Қалалық басқармамен мұны жеткізуші оператор анықталған. Осы белгіленген дизель отыны 281 теңгеден қала аамағында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер дизель отынымен қамтамасыз етіліп отырады. Қазір бұл бғытта мәселе жоқ.
Көкөніс өнімдері бойынша шет мемлекеттерге тәуелділік бар. Мәселен картоп Павлодар облысы, Қырғызстан, Ресейден тасымалданса, пияз Жамбыл облысы мен Өзбекстаннан әкелінеді. Ал сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы мен Ресейден жеткізіледі. Қырыққабат Түркістан облысы мен Өзбекстаннан тасымалданады.