Негізгі Жаңалықтар ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Қазақстанда жол қауіпсіздігіне бақылау күшейді. Жыл басынан бері елімізде 20 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, одан 30 мың адам зардап шеккен.


Енді полицейлер жүргізушілерді дрондардың көмегімен бақылайды. Ұшқышсыз аппараттар көлік қозғалысын әуеден бақылап, ереже бұзғандарды лезде анықтайды. Сонымен қатар қазір патрульдік көліктерге арнайы мобильді кешендер орнатылып жатыр. Олар көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, жылдамдықты арттыру және қауіпті маневр жасау сияқты әрекеттерді тіркейді. Ал республикалық маңызы бар трассаларда орташа жылдамдықты есептейтін жүйе жұмыс істеп тұр. Яғни жүргізуші камераға жақындағанда ғана жылдамдығын төмендетіп, кейін қайта арттыра алмайды. Себебі көліктің белгілі бір жол бөлігін қанша уақытта жүріп өткені де есепке алынады. Мұндай ақылды технологиялар жол апатының алдын алуға бағытталған,-дейді мамандар.

Бөлісу