Негізгі Жаңалықтар 40 ОТБАСЫ БАСПАНА КІЛТІН АЛДЫ

40 ОТБАСЫ БАСПАНА КІЛТІН АЛДЫ

Бүгін үй кезегінде тұрған тағы 40 отбасы баспаналы болды. Қуанышқа кенелген тұрғындарды қала әкімі құттықтап, пәтер кілтін табыстады.


Бүгін қала тұрғыны Айнұр Оразханова көптен күткен үйінің кілтін алды. Бірнеше жыл бұрын үй кезегіне тіркелген көпбалалы ана енді Асар-2 шағынауданына қоныстанады.


АЙНҰР ОРАЗХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Көпбалалы санатымен алдым. Екі пайызбен, концепция бағдарламасымен алдым.Бүгін үйдің кілтін алдық. Өте қуаныштымын.


Жаңа үйлер жайлы өмір сүруге қажетті барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Баспанаға табиғи газ, электр қуаты, ауыз су мен кәріз жүйесі тартылған. Қуанышқа кенелген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыс білдірді.


 КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ М.А.
 Пәтер алғандар төлем қабілеттігін растаған азаматтар. Бұл пәтерлер Асар-2 мөлтекауданында орналасқан. Барлық коммуникациялық жабдықпен қамтылған. Тұрғындар бірден көшіп бара алады.


Шаһарда тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазір қалада 96 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін Асар-2 шағынауданынан 7300-ден астам пәтер беріледі.

Бөлісу