Негізгі Жаңалықтар «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026»

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026»

Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды. Биыл сайысқа 48 отбасы өтінім беріп, үздік деп танылған 12 жанұяға арнайы сый-құрмет көрсетілді.


 Қожамжаровтар әулеті – Шымкентте ғана емес, республика көлемінде де танылған өнегелі отбасылардың бірі. Отағасы Сейдахмет Қожамжаров ұзақ жылдар бойы ұстаздық етсе, жары Злиха Пернебекова 10 баланы тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Бүгінде олардың ұрпақтары медицина, фармацевтика, ғылым және білім беру салаларында жемісті еңбек етіп келеді. Бірлігі мен қоғамға қосқан үлесі ескеріліп, Қожамжаровтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.


 СЕЙДАХМЕТ ҚОЖАМЖАРОВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
Біз 11-12 дамыған елдерді мойындатқан отбасымыз. 90-ға жақын дәрілік өсімдіктердің егесіміз. Фармакология, таксакология, биология, ботаника растения, физиология содан кейін өнер ғылым, спор, білім барлығын меңгерген отбасымыз.  Қазір немерелеріміздің өзі жоғарғы жетістіктермен жұмыс істеп жатыр. Апаларыңның аты Пернебекова Злиха 10 баланың анасы. 33 жасында союздың алтын медальін алған. Одан кейін Қазақстанның содан кейін «әлемнің анасы» медалінің иегері.


Биыл байқауға қала бойынша 48 өтінім түсіп, соның ішінен өнегесімен, еңбек жолымен және ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісімен ерекшеленген 12 отбасы қалалық кезеңде бақ сынады. Арнайы комиссия үміткерлерді отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, қоғамдағы белсенділігі мен жетістіктеріне қарай бағалады.


АЗАМАТ ПАРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Басты жеңімпаздарды анықтаған кезде қоғамдық ұйымдардан, үкіметтік емес ұйымдардан, БАҚ өкілдерінен, ардагерлер ұйымдарынан арнайы комиссия құрылған. Соның аясында анықталды. Жобаға қатысқан отбасылардың іріктеуден өту жолы белгілі бір жетістікке жеткен білім, ғылым саласында, мәдениет, спорт саласында өзгеде бағытта жетістікке жеткен отбасылар іріктеліп алынды.


«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 12 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында мыңнан астам отбасы сайысқа қатысып, өз өнегесімен көпшілікке үлгі болды. Байқау отбасылық құндылықтарды дәріптеп, татулық пен тәрбиені насихаттауға, сондай-ақ еңбек әулеттерінің қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мерейлі отбасы іс-шарасының биылғы кезеңі осы конституцияның қабылдануымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұған мерейлі отбасыға қатысып кележатқан сіздер, жалпы отбасы құндылықтарды дамытып отырған отбасылардың тікелей қатысы бар екенін айтқымыз келеді.


Қалалық кезеңнің жеңімпазы енді елордада өтетін ұлттық байқаудың ақтық сынында Шымкенттің намысын қорғайды.


Бөлісу