Негізгі Жаңалықтар СТУДЕНТТЕР БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

СТУДЕНТТЕР БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті де оқуға түскен талапкерлерді салтанатпен қарсы алды. Білім күніне орай «Қызғалдақ сарайында» студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Білім іздеген 2400-ден астамы талапкер Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бакалавриатын таңдаған. Биылғы студенттер қатарында «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері және спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Ал, магистратура мен докторантураға 350-ге жуық талапкер қабылданды.


ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Президентіміз қазақстандықтарды әрбір азаматты білімді болуды талап етуде. Сондықтанда, оның ішінде біздің Жәнібеков университетінің әрбір студентіне сапалы білім беру, сапалы оқушы болына біз жұмыс жасаймыз. Бүгінгі білім күні құтты болсын.


Салтанатты шара барысында университет Ректорының және Шымкент қаласы әкімінің грантын жеңіп алған білім алушылар марапатталды. Сондай-ақ жоғарғы білім жолына түскен студенттерге Алтын кілт пен студенттік билеттер табысталып, ант беру рәсімі өтті.


АҚЕРКЕ ЕРМЕКБАЙҚЫЗЫ, ӨНЕР ЖӘНЕ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТІ
Бүгін университетке келіп танысу болды. Маған концерт өте қатты ұнады. Жәнібеков атындағы университеттің қандай сырлары бар, оның кім екенін айтып жеткізді. Өздерінің өнерлерін көрсетті.


 МӘДИБЕК НҰРИСЛАМ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТІ
Мен ҰБТ-да 103 балл жинадым, бірақ мемлекеттік грант бұйырмады. Құжаттарымды Жәнібеков университетіне тапсырып, Ректор грантының иегері атандым. Бұған отбасыммен шексіз қуандық. Енді тек сапалы білім алып, үмітті ақтау парызым.


Сонымен қатар университет жанындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы көпсалалы колледжге 177 білім алушы оқуға түскен. Білім күніне арналған мерекелік бағдарлама өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.



Бөлісу